Жарияланды: 350

Екі жас дәнекерлеуші жұмыс орнында болған өрттен зардап шекті, біреуі қаза тапты

Алматы облысының Түрген ауылында «ИНК-Т» ЖШС-нің пенопласт шығаратын цехында дәнекерлеу жұмыстарын өткізу кезінде 50 шаршы метрге тараған өрт болды,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ. Жалын бір сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 19 жастағы жұмысшының мүрдесі табылды. Оның құрдасы болып табылатын тағы бір жұмысшы бетінің күйіктерімен ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін