Отандық дәрігерлердің айтуынша, Миленаның аяғынан тұрып кетуі тек ресейлік дәрігерлердің қолында. Қаршадай қыз аяғын мүлдем сезбейді. Операцияны барынша тез жасау керек, бірақ ем-домның құны өте қымбат болғандықтан, Миленаның ата-анасы мейірімді жандардан көмек сұрайды. Қызға қол ұшын созғысы келетіндер төменде көрсетілген телефонға хабарласа алады.
Ольга Мезенцова, Миленаның анасы:
— Өтінемін, қызыма көмек беріңіздер, аяғынан тік тұруына қолғабыс тигізе көріңіздер… Оның да басқа балалар сияқты жүгіріп, ойнағысы келеді…
Байланыс телефондары: 7 (7275) 251580, +7 701 312 55 58