Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат бесте Алматыдағы Абай-Әуезов қиылысында болған. Трансгендер балағат сөздер айтып, жігіттерге жұдырық ала жүгірген, ал оның соңы төбелеспен аяқталды.
Полиция ұсақ бұзақылық үшін іс қозғады. Сотта Амилай өзінің кінәсін мойындады және болған оқиғаға өкінетінін айтты. Алайда танымайтын жігіттер оны бірінші болып қорлап, балағат сөздер айтқанын да жеткізді.
Нәтижесінде трансгендер жеті тәулікке қамауға алынды, ол 11 желтоқсанда сағат 17:50-ден бастап есептелінеді.