Екібастұз футболына арналған көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз футболына арналған көрме ашылды

Екібастұз футболына арналған көрме ашылды

Екібастұздағы қалалық өлкетану мұражайында жергілікті футбол тарихына арналған көрме ашылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 26 Сәуiр 2011
  • 431
Фото - Caravan.kz

Көрменің салтанатты ашылуына осынау ойынға әуес ардагерлер, спортшылар және оқушылар қатысты. Тәжірибелі футболшылар жас спортшыларға аға ұрпақ өкілдері қол жеткізген жетістіктерді еселеуге тілектестік білдірді.

«Көрме — кезінде стадиондарды толтыра білген танымал футболшыларымызға көрсетіліп отырған құрмет. Екібастұздықтар турнирлер мен чемпионаттарда бірнеше дүркін тамаша жетістіктерге қол жеткізген. Бүгінде біз жастарымызға үлкен үміт артып отырмыз — секциялар, мамандандырылған футбол мектебі жұмыс істейді, Екібастұз қаласы мен оның іргесіндегі селоларда аула футболы даму үстінде», деді қала әкімінің орынбасары, футбол федерациясының төрағасы Николай Дычко өз сөзінде.