Екібастұз ГРЭС-1 станциясында болған апаттың себептері 15-қаңтардан бері жарияланбайды - мемлекеттік комиссия - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз ГРЭС-1 станциясында болған апаттың себептері  15-қаңтардан бері жарияланбайды - мемлекеттік комиссия

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында болған апаттың себептері 15-қаңтардан бері жарияланбайды - мемлекеттік комиссия

Екібастұз ГРЭС-1 станциясының үшінші энергоблогында болған апаттың себептерін зерттеу қорытындысын комиссия 15-қаңтардан кейін жариялайды. Бұл туралы бүгін, 22-желтоқсанда KZ-today тілшісіне берген сұхбатында мемлекеттік комиссияның мүшесі, Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Владимир Жуков хабарлады.

  • 22 Желтоқсан 2003
  • 706
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, комиссия металлографиялық талдау қорытындысын алуы тиіс. Ол үшін энергоблоктың апаттан зардап шеккен бөлігінде металл кесіндісін алу қажет. Алайда, адамдардың жарақат алу мүмкіндігіне байланысты аталмыш жұмыс жүзеге асырылмай отыр. «Апат салдарынан адамдар құрбан болуына байланысты біз тағы да басқа адамдардың өміріне қауіп төндіре алмай отырмыз»,- деді В.Жуков.

Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы орынбасарының айтуынша, жуырда мамандар №8 жоғары қысымды қыздырғыштың фундаменті, бағандары мен металл конструкцияларын нығайту жобасын жасап бітірді. Ал металл кесіндісін алу жұмыстары 24-25-желтоқсанда басталады деп күтілуде. Алынған сынамалар тәуелсіз зертханалардың біріне талдауға жіберіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-қарашаға қараған түні Екібастұз ГРЭС-1 станциясының үшінші энергоблогының турбиналық бөлімшесінде апат болған. Жарылыстан станция шатырының бір бөлігі күлпарша болып, оқиға орнында 31 жастағы басқарма бастығы Дмитрий Соснов қайтыс болды. Тағы да үш адам түрлі жарақаттар алды. Алдын-ала жорамал бойынша, апатқа металлдың қажуы әсер еткен.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының шұғыл кезекшісінің мәліметіне сәйкес, қазір станцияның №4,5 және 7 энергоблоктары жұмыс істеп тұр. Олар өндіретін жалпы электр қуаты 1070 МВт-ты құрайды. Ал апатқа дейін станция 1250 МВТ электр қуатын өндіріп келген.

Соңғы жаңалықтар