Екібастұз ГРЭС-1 стансасының №4 энергоблогы жыл соңында іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз ГРЭС-1 стансасының №4 энергоблогы жыл соңында іске қосылады

Екібастұз ГРЭС-1 стансасының №4 энергоблогы жыл соңында іске қосылады

Екібастұз ГРЭС-1 стансасындағы №4 энергоблоктағы монтаждау жұмыстары аяқталды.

  • 9 Қараша 2012
  • 384
Фото - Caravan.kz

Тиімділігі жоғары заманауи электр сүзгісі жыл соңында іске қосылады. Бұл тазартқыш жабдықты сатып алып, орнатуға барлығы 2 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсау жоспарланған.

Ауқымды жұмыстарға үш ұйымның және де жабдықтың монтаждалуына шеф-бақылау жүргізіп отырған өндіруші Lodge Cottrell Limited компаниясының жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері, жалпы 100-ден астам адам жұмылдырылды.

Алдыңғы екі электр сүзгісі №5 және №6 энергоблоктарда тиісінше 2010 және 2011 жылдары орнатылған болатын. Осындай тағы бір блок қалпына келтірілген №8 энергоблокпен бірге іске қосылып пайдалануға берілген. Екібастұздың ГРЭС-1 стансасында электр сүзгілерін орнату жөніндегі бағдарламаны келесі жылы аяқтау жоспарлануда. Ол зиянды күлді аулаудың тиімділігін 99,6 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Электр сүзгісі жұмысының қағидасы бойынша электродтарға берілетін қалыпты тоқтың жоғары кернеуінің көмегімен қатқыл заттар ұсталып қалып отырады. Бұдан соң күл арнаулы пластиналарға қондырылып, жинақталады да, сілкіп отыру механизмінің арқасында төменгі корпуста орналасқан қордалағыш бункерлерге тасталып тұрады. Аталмыш электр сүзгіні Lodge Cottrell Limited (Ұлыбритания) жасап шығарған. Жеткізіліп отырған электростатикалық электр сүзгілері Ұлыбритания, АҚШ, Корея және т.б. сияқты елдердегі озық электр стансаларында сәтті пайдаланылып келеді.

Станса ұжымы ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаны уақтылы іске асыруға бар күш салуда және де мен бұл бағдарлама жалпы Павлодар аймағындағы экологиялық ахуылдың жақсаруына айтарлықтай көмегін тигізетініне сенімдімін», — дейді «Қазақмыс» компаниясының Отын-Энергетикалық кешенінің бас директоры Николай Коробовский.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — белгіленген қуаттылығы 4000 МВт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын, конденсациялық типтегі жылу электр стансасы. ЕГРЭС-1 стансасын тепе-тең негізде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Қазақмыс Тобы иеленіп отыр. Ал пайдаланатын негізгі отыны — Екібастұз кен орындарынан өндіріліп шығарылған тас көмір. Стансада өндіріліп шығарылған электр энергиясының басым бөлігі Қазақстанның энергетикалық нарығына таратылады.

Соңғы жаңалықтар