Жарияланды: 440

Екібастұз ГРЭС-нің энергетиктері мемлекеттік тілді үйренуде

«Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ғани Сәлімжуаров қазақ тілін үйреніп жүрген энергетиктерге ризашылығын білдірді,

деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен. «Жұмысты сабақпен қатар алып жүру үшін үлкен күш-жігер және айрықша ықылас керек»,- деп атап көрсеткен ол, мемлекеттік тілді білу - кәсібилік көрсеткіштерінің бірі екенін айтты. ГРЭС-2 стансасының қызметкерлері мемлекеттік тілді авторлық бағдарлама және энергокәсіпорынның жұмысына бейімделген оқу құралдары бойынша үйренуде. Стансаның мемлекеттік тілді дамыту бөлімі Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытудың республикалық орталығымен және Астанадағы Тілдерді дамытудың «Зерде» инновациялық орталығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Аталған орталықтар энергетиктерді тегін электрондық сөздіктермен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін