«WhatsApp» мессенджері арқылы тараған Экібастұздағы «маньяк» туралы хабарламаны жергілікті полицейлер жоққа шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Павлодар облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.
Қала тұрғындары бірнеше күн қатарынан бір-біріне Екібастұз қаласында әйелдерге шабуыл жасайтын қауіпті қарақшының жүргені туралы хабарламалар жіберген.
«WhatsApp» арқылы тараған әңгіме шындыққа жанаспайды. Аталған факті бізде тіркелген, жалған ақпарат таратқан адамді іздеп жатырмыз»,-деді жергілікті ІІД баспасөз орталығында.
Сонымен қатар, полицейлер Екібастұз қаласының тұрғындарын жалған хабарлама таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.