Жарияланды: 590

Екібастұз МАЭС-1 таза пайдасы қаңтар-қыркүйекте 27,6% өсті

Екібастұз МАЭС-1 таза пайдасы 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 31,438 млрд теңгені құрады, бұл 2011 жылдың сол кездегі мерзімімен салыстырғанда 27,6% артық, делінген компанияның халықаралық стандарттарға сай қаржылық есебінде.

Есептік мерзімде жалпы пайда 27% - 40,283 млрд теңгеге дейін артты, табыс - 25%, 62,069 млрд теңгеге. Салық салынғанға дейінгі табыс 31% өсіп, 37,696 млрд теңгені құрады. Жылдың басынан бері активтері 18% артып, 164,441 млрд теңгені құрады, өзіндік капиталы 20% артты, 137,088 млрд теңгеге дейін, жарғылық капиталы өзгерген жоқ, 31,1 млрд теңгені құрады. "Екібастұз МАЭС-1" Kazakhmys-тың энергетикалық бөлімшесінің құрамына кіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін