Екібастұз - Павлодар теміржол бөлігін электр жарығымен қамтамасыз ету аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз - Павлодар  теміржол бөлігін  электр жарығымен қамтамасыз ету аяқталды

Екібастұз - Павлодар теміржол бөлігін электр жарығымен қамтамасыз ету аяқталды

АСТАНА. 20 ақпан. Kazakhstan Today. Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік комиссиясы Екібастұз - Павлодар теміржол бөлігін өзге учаскелердің электр желілерімен жалғау жобасын қабылдады. Бұл туралы агенттікке көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Ақпан 2007
  • 471
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпараты бойынша 2004 жылдың маусым айында басталған жұмыстар ойдағыдай аяқталды. Жоспар бойынша қашықтығы 132 шақырым екі бағытты Екібастұз — Павлодар учаскесі мен жалпы ұзындығы 92,1 шақырым бір бағытты учаскелерді электрлендіру аяқталды.

Баспасөз қызметінің түсіндіруі бойынша, негізгі — Екібастұз — Павлодар бөлігі 2004 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген, ал екіншісі 2006 жылдың мамыр айында берілді.

Учаскелермен өтетін жүк тасымалының электр арқылы жүзеге асуы олардың құнын 25-30 пайызға төмендетеді. Ал отынның шартты шығыны 1,5 -1,9 есе азаймақшы. Учаскеде орташа жылдамдық сағатына 7-8 шақырымға көбейеді. Жүк пойызының орташа салмағы 500-550 тонна болмақ. Бұл көрсеткіштердің барлығы теміржол көлігінің бәсекелестік қабілетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді,-дейді министрліктегілер.

Жобаның маңыздылығы реліміздің орталық аймақтарын электрлендіру жобасымен байланысты. Теміржолдарды электрлендіру оларға жақын жатқан аймақтарға тепловоздардан келген зиянды жөнге келтіруге сеп болмақ.

Сонымен қатар Тасқұдық пен Спутник стансыларында 15 екі бөлмелі пәтерлер пайдалануға берілді. Су өткізгіш және насос тансылары, шахталық құдық салынған. Сонымен қатар Павлодар стансысында 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті