Екібастұз қаласының бір тұрғын әйелі өз пәтерінің есігі алдынан "сен бізбен бірге емессің" деген жазу жазылған лентасы бар қаралы гүлтәжін тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз қаласының бір тұрғын әйелі өз  пәтерінің есігі алдынан "сен бізбен бірге емессің" деген жазу жазылған лентасы бар қаралы гүлтәжін  тауып алды

Екібастұз қаласының бір тұрғын әйелі өз пәтерінің есігі алдынан "сен бізбен бірге емессің" деген жазу жазылған лентасы бар қаралы гүлтәжін тауып алды

Екібастұз қаласының бір тұрғын әйелі өз пәтерінің есігі алдынан "сен бізбен бірге емессің" деген жазу жазылған лентасы бар қаралы гүлтәжін тауып алды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қаңтар 2004
  • 791
Фото - Caravan.kz

Әлдебіреу әйел пәтерінің есігін қағады. Есік ашқан ол табалдырық жанынан жалтырауық қағазға сыйлық сияқты оралған қорап тауып алады. Оған жарылғыш зат салынған болуы мүмкін деп қорыққан әйел құқық қорғау мекемелері, құтқару қызметі мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың көмегіне жүгінеді. Оқиға орнына аталмыш қызмет өкілдері түгелдей жиналады. Екібастұз қалалық құтқару қызметінен хабарлағанындай, «сыйлық» қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып жан-жақты тексеріледі. Бірақ қораптан жарылғыш зат шыққан жоқ. Оның ішінен «сен бізбен бірге емессің» деген жазу жазылған лентасы бар қаралы гүлтәжі, сабын, жіп және интимдік сипаттағы бірнеше бұйым табылған.

Бейресми мәліметтерге қарағанда, әйел осындай «сый-сияпат» орамасын пәтердің есігі алдына тастап кеткен адамның кім екенін білетін көрінеді.
Екібастұз қалалық ІІБ-нан хабарлағанындай, қылмыстық құрамның болмауына байланысты аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар