Екібастұз - спорттық қала - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз - спорттық қала

Екібастұз - спорттық қала

Екібастұзда бұқаралық спорт түрлері белсенді дамуда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

  • 10 Қараша 2010
  • 591
Фото - Caravan.kz

№12 және осы жерде орналсқан №8 мамандандырылған футбол мектебі оқушыларының иелігіне 40/60 метр көлемді жасанды газоны бар футбол алаңы берілді. Жас спортшыларға аталмыш сыйлықты «Богатырь Көмір» ЖШС мен «Екібастұз болашағы үшін» қоғамдық қозғалысы жасады. Жас футболшылар енді спорттық жарыстарды кез-келген уақытта өткізе алады.

Қайта жөндеуден өткізілгеннен кейін кеншілер мен энергетиктер қаласының бас кешені — «Жасыбай» барлық деңгейдегі кездесулер мен жарыстар өткізілетін орынға айналды.
Екібастұзда «Шахтер» орталық стадионы да белсенді пайдаланылуда, мұнда жуырда футболдан қала чемпионаты өткізілді. Жеңімпаз командалар қатарында жергілікті кәсіпорындарының «Тамыр», «Промсервис-Отан» командалары мен «Достық» спортшылары болды.