"Екібастұз-Барнаул" бағытындағы мемлекетаралық электр жалғастыру желісін қалпына келтіру жұмыстары осы аптаның соңына дейін аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Екібастұз-Барнаул" бағытындағы мемлекетаралық электр жалғастыру желісін қалпына келтіру жұмыстары осы аптаның соңына дейін аяқталады

"Екібастұз-Барнаул" бағытындағы мемлекетаралық электр жалғастыру желісін қалпына келтіру жұмыстары осы аптаның соңына дейін аяқталады

"Екібастұз-Барнаул" бағытындағы мемлекетаралық 1150 кВт кернеулі электр жалғастыру желісін қалпына келтіру жұмыстары осы аптаның соңына дейін аяқталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "KEGOK" ААҚ-ның Солтүстік аймақаралық электр желілері филиалының өкілдері хабарлады.

  • 21 Қазан 2003
  • 595
Фото - Caravan.kz

Жалпы ұзындығы 695 шақырымдық электр жалғастыру желісінің Қазақстандық учаскесінің ұзындығы 325 шақырымды құайды. Желіні іске қосу — Ресейдің электр қуатына бай аймағы -Сібірден қуат тапшылығына ұшырап отырған Орал аймағына электр тарату мүмкіндігін арттырмақшы. Электр тасымалдау жұмысын «KEGOK» ААҚ жүзеге асырады. Электр жалғастыру желісін іске қосу — тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету сенімділігін арттырып, Қазақстан мен Ресейдің біртұтас электр жүйесінің параллель жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

«Екібастұз-Барнаул» бағытындағы мемлекетаралық электр жалғастыру желісі 1980-ші жылдарда тартылған. Ал 1989-1999-жылдарда желіні түсті металл жинаушылар істен шығарды. 2000-жылы РАО «ЕЭС Россия» мен «KEGOK» ААҚ-ның басшылығы желіні қалпына келтіру жөнінде мәмілеге келді. 20003-жылдың сәуір айынан бастап «KEGOK» ААҚ жобаны жүзеге асыруға кірісті. Электр жалғастыру желісінің Қазақстандық бөлігін компания өз қаржысына қалпына келтіруде. Бұдан бұрын да хабарланғанындай, желіні қалпына келтіруге 6,175 млн. доллар жұмсалады.
Ал Ресей жағы өз тарапынан қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады.

Соңғы жаңалықтар