Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 сыныпта оқитын қыз өткен сәрсенбі күні анасымен, өгей әкесімен және бауырымен бірге өзі тұрған үйдің балконында буынып өлген. «Қазіргі жағдаймен қыздың ата-анасынан жауап алынды, «өгей әке мен өгей қыз арасындағы жаман қарым-қатынастың» кесірі болуы мүмкін деген жорамал сот-медициналық сараптама қорытындысы, жақандары мен туыстары арасындағы сұрақтардан кейін бірден жоққа шығарылды», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, қыз ешқашан психдиспансерде тіркеуде тұрмаған, жүйке ауруларымен ауырмаған. Сот-медициналық сарапшылар қыздың денесінен зорлық-зомбылық белгілерін тапқан жоқ. «Қыздың анасының мәлімдеуінше, қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын ол қызына туыстарына барып демалып қайтуға рұқсат бермеген, 3 жасар ұлды бағатын ешкім болмағандықтан жібере алмаған», — дейді полицейлер. Тергеушілер дәл осы оқиға қызды өзін-өзі өлтіруге итермелеуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл 2007-жылдың басынан бері өңірде болған 8-ші өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті