Өрт салдарынан қаланың екі ықшам ауданы мен Южный және Северный ауылдарының тұрғындары телефон байланысынан үзілді.
Бастапқыда тұрғын үйдің электр тұстамасының күш кабелінде қысқаша тұйықталу болған. Соның салдарынан жоғарғы кернеулі тоқ жақын орнатылған телефон желісіне әсер етіп, арықарай кабель арқылы №7 АТС-ке қарай ойысқан. Соның салдарынан АТС-тің автозалында 16 метрлік кабель өртеніп кетті.
Тұрғын үйдің электр тұстамасында шыққан өрт айтарлықтай шығынға ұшыратпағанымен тұрғындарды телефон байланысынсыз және электр қуатынсыз қалдырды. Қазір телефон байланысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Екібастұзда шамамен 140 мың адам тұрады.