Екібастұзда әйел мен 4 жасар бала ыстық су алып кеткен үйдің ішінде қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда әйел мен 4 жасар бала ыстық су алып кеткен үйдің ішінде қалды

Екібастұзда әйел мен 4 жасар бала ыстық су алып кеткен үйдің ішінде қалды

Екібастұздағы дүкендердің бірінде жылу қамтамасыздығы жүйесінде апат болуы салдарынан әйел мен 4 жасар бала ыстық су алып кеткен үйдің ішінде қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Екібастұз қаласының құтқару қызметінен хабарлады.

  • 2 Наурыз 2004
  • 782
Фото - Caravan.kz

Апат шыққан кезде дүкенде сатушы әйел мен оның 4 жасар ұлы ғана болған. Дүкеннен шығуға да, телефонмен қоңырау шалуға да мүмкіндігі болмаған әйелдің бар қолынан келгені — дабыл жүйесіне жетіп, Қалалық су құбыры жүйесінің апаттан құтқару қызметін шақыру болыпты. Сөйтіп жүргенде әйел екі аяғын бірдей күйгізіп алған. Апат қызметінің жұмысшылары келген кезде дүкен бөлмесінің іші 40 см-ден астам биіктікке дейін ыстық суға толып кеткендіктен, әйел мен оның ұлы дүкен сөрелеріне шығып алған көрінеді

Апаттық қызмет мамандары баланы алып шықса, оқиға орнына келіп жеткен Екібастұз қалалық құтқарушылар дүкен сатушысын көтеріп шықты. Әйел шұғыл ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар