Екібастұзда білім беру бөлімінің басшысы 45 мектептен 100 мың теңгеден жинаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда білім беру бөлімінің басшысы 45 мектептен 100 мың теңгеден жинаған

Екібастұзда білім беру бөлімінің басшысы 45 мектептен 100 мың теңгеден жинаған

Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің басшысы Нұржамал Макумова қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің Павлодар облысындағы

  • 11 Шiлде 2017
  • 409
Фото - Caravan.kz

Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің басшысы Нұржамал Макумова қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің Павлодар облысындағы тілшісі.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының өкілдері мәлімдеді. Басқарма басшысы Руслан Куватовтың айтуынша, қалалық бөлім басшысы ақша жинаудың жүйелі іс-қимыл әрекетін ұйымдастырған.

«Бұл жүйе бойынша ақша тапсыруға Екібастұз қаласының мектеп директорлары тартылды. Бөлім басшысы Ұлттық Бірыңғай тестілеуді табысты өткіземін деп, 45 мектептен 100 мың теңгеден жинаған. Бүгінгі таңда аталмыш жүйеге тосқауыл қойылды, ал тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кейін іс материалдары комиссия мүшелеріне жолданады» дейді Руслан Куватов.

Мамандардың айтуынша, шенеуніктің бұл әрекеті алаяқтық деп танылды.


«Қазіргі таңда бөлім басшысы тергеу изоляторында. Сот шешімімен қамауға алынды» дейді Руслан Куватов.

Айта кетейік, Нұржамал Макумова 1968 жылы туған. Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің бассшысы лауазымында 2014 жылдан бері еңбек етті.