Екібастұзда бір ескі ғимаратты бұзған кезде өткен ғасырдың 50-ші жылдарында қамауда отырған саяси тұтқынның қолжазбасы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда бір ескі ғимаратты бұзған кезде өткен ғасырдың 50-ші жылдарында қамауда отырған саяси тұтқынның қолжазбасы табылды

Екібастұзда бір ескі ғимаратты бұзған кезде өткен ғасырдың 50-ші жылдарында қамауда отырған саяси тұтқынның қолжазбасы табылды

Екібастұзда бұрынғы №1 автобазаның ескі ғимаратын бұзған кезде 1951-ші жылдары ДальЛагта қамауда отырған саяси тұтқынның қол жазбасы табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Екібастұз қалалық өлкетану мұражайынан хабарлады.

  • 16 Маусым 2004
  • 821
Фото - Caravan.kz

Қатты орама қағаздан жасалып, рубероидпен оралып, сыммен тігілген екі дәптерді үйдің жаңа қожайындары ғимараттың шатырындағы төкпе құм ішінен тауып алған. Дәптерлердегі қолжазбаның маңызын оқып түсінген бұл адамдар оларды қалалық өлкетану мұражайына табыс еткен.

Дәптерлердегі жазу 1951-жылдың мамыр айында жазылыпты. Онда қолжазба авторының аты-жөні емес, оның Ц-952 деген лагерьдегі номері ғана көрсетілген.
Табылған екі дәптердің біреуі қолжазбаның алғашқы нұсқасы тәрізді. Болашақ кітап түрінде жазылған бұл қолжазбаға «Өмір туралы, әлем мен адамның жолдары туралы ой-толғамдар» деген тақырып қойылыпты. Екібастұз қалалық өлкетану мұражайынан хабарлағанындай, автордың қарындашпен түсірген қолжазбасы ұғынықты қолтаңбамен жазылған. Ал дәптерлердің беті бітпей, ашық қалған, қолжазбаға арқау болған ой аяқталмағанға ұқсайды.
Қолжазба авторы адамның тағдыры мен оның бұл өмірге келуінің мәнісі туралы ой қозғайды. Сонымен бірге, Рим империясынан бастап қазіргі заманға (Сталиндік нәубет жылдарына) дейінгі түрлі тарихи кезеңдерде адамға жасалған зорлық-зомбылық әрекеттердің мән-жайын зерттеуге талпыныс жасалған.
Қолжазба деректеріне жүгінсек, автор абақтыға соғыстан кейінгі жылдарда қамалған. Орыс жазушысы Александр Солженицын да дәл осы жылдары Екібастұз лагерінде отырғаны белгілі. Бұл жайында оның «Иван Денисовичтің бір күні» атты танымал кітабында баяндалады.
Екібастұз қалалық өлкетану мұражайынан хабарлағанындай, мұражайда саяси тұтқындардың тізімі болмағанымен, мұражай қызметкерлері қоложазба авторының аты-жөнін анықтауға талпыныс жасап көрмек.
Екібастұздағы саяси тұтқындар абақтысы 1948-1954-ші жылдарда жұмыс істеген. 1954-жылы қамаудағылардың ереуілінен кейін лагерь таратылып, тұтқындар Қазақстан аумағындағы басқа лагерьге ауыстырылды.