Екібастұзда көшеде дәрет сындырған азаматқа айыппұл салған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда көшеде дәрет сындырған азаматқа айыппұл салған

Екібастұзда көшеде дәрет сындырған азаматқа айыппұл салған

Көшеде дәрет сындырған 21 жастағы азаматқа айыппұл салынған. 

  • 26 Мамыр 2023
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Екібастұз қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы бұл фактінің 22 мамырда Сәтбаев көшесінде болғанын анықтады. 21 жастағы азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, соттың қарауына жіберілді. Ер адам кінәлі деп танылды. Оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл салынды", — делінген полиция таратқан ақпаратта. 


"Жалпы, Екібастұз өңірінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 286 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 164 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 122 азаматқа 5-тен 20 АЕК-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салынды, – деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қанат Кәрімжанов.

 

Соңғы жаңалықтар