Екібастұзда қалалық полиция қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл туралы Caravan.kz порталы sputniknews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықтал- жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды", – деді облыстық полиция департаменті.
Бұған дейін әлеуметтік желідек ресейлік нөмірмен жүрген көлікте 27 жастағы полиция қызметкерінің денесі табылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Хабарламада оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені айтылған.
Оқиға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне ("адам өлтіру") сәйкес іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәсі дәлелденген адам сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.