Екібастұзда спиртті өнімдер өндіретін жасырын цех әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда спиртті өнімдер өндіретін жасырын цех әшкереленді

Екібастұзда спиртті өнімдер өндіретін жасырын цех әшкереленді

ПАВЛОДАР. 20-қараша. Kazakhstan Today. Екібастұзда спиртті өнімдер өндіретін жасырын цех әшкереленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Қараша 2006
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Заңсыз өндіріс оған лайықталмаған ғимаратта орналасып, арақ тазалыққа мүлдем сай келмейтін жағдайда ыдыстарға құйылған», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тексеру кезінде оперативтік қызметкерлер бөлмеден танымал маркалы арақ түрлерінің 1121 бөтелкесін тапты: «Варяг», «Калина Красная», «Данилов», «Серебряный стандарт», «Смирнов», «Достар», «Медведь», «Любимый город», «Ой мороз», «Душистый хмель», «Славянка», «Парламент», «Русский калибр», «Хаома».

Сонымен бірге ғимараттан 100 литр спирт құйылған ыдыс, 8 түрлі спиртті өнімдерге арналған 4471 дана жасанды есептік-бақылау маркалары мен 38 мың этикетка табылған.

Шағын зауыттың қожайындары қаржы полициясы қызметкерлеріне спиртті өнімдер өндіріп сатуға құқық беретін лицензиясы мен жеке кәсіпкердің таңбасын көрсеткен.

Алайда, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «бұл құжаттар күдік туғызады».

«Қазір бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижесіне сәйкес, процессуалдық шешім қабылданады», дейді баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта