Павлодар облысында кәмелеттік жасқа толмаған қыз қоғамдық әжетханаға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«26 тамызда 19:30-да полицияға Екібастұз қаласында, «Шахтер» паркінде қыздың әжетханаға түсіп кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ювеналды полиция мен жедел қызмет қызметкерлері жіберілді», — деді Павлодар облыстық полиция департаментінен.
Белгілі болғандай, 2004 және 2003 жылғы екі жасөспірім қыз сыра ішіп, «Шахтер» паркіне серуендеуге барған.
Кейін олардың бірі әжетханаға барып, оқыс оқиғаға тап болған, деді ведомствода.
«Ол әжетханада түсіріп алған көзілдірігін алмақшы болып өзі құлап кеткен. Оқиға орнына кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналары шақырылды. Қызды аман-есен алып шықты», — деді полицейлер.
Экспертиза екеуінің де мас болғанын көрсетті. Енді кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылды, олармен әңгімелесу жүргізілді.
«Бұдан бөлек, кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдік сатқан дүкеннің иесі де жауапқа тартылады», — деді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінен.