Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Жылу таратушы компания мамандары 28-ші желтоқсанда жерасты қондырғысындағы ақауларды жою үшін Шешембеков атындағы көшеде орамішілік жылу желісін өшіреді. Осыған орай көшенің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту уақытша тоқтатылады», — делінген «Екібастұз-теплоэнерго» ЖШС-нің хабарламасында.
Сонымен қатар Абай көшесіндегі жеке тұрғын үйлерде бүгін кешке дейін дейін жылу болмайды. Құбырларды алмастыруға байланысты Сейфуллин көшесінің бойындағы кейбір жекемеменшік тұрғын үйлерде жылу өшіріледі.