Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.

  • 28 Қараша 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі", — делінген хабарламада.

 

Ведомство мәліметінше, 17 қабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.


Еске салайық, осыған дейін Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар