Екібастұзда үш қызды тонаған бойжеткендерге сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда үш қызды тонаған бойжеткендерге сот үкімі шықты

Екібастұзда үш қызды тонаған бойжеткендерге сот үкімі шықты

Сот кәмелеттік жасқа толмаған үш қызды тонаған екі бойжеткеннің әрқайсысына 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар жас қыздардың алтын сырғаларын, қол телефондарын тартып алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Қыркүйек 2017
  • 357
Фото - Caravan.kz

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, сот тонау дерегі бойынша жиырма екі жастағы Ш және жиырма төрт жастағы К есімді екі қызға қатысты қылмыстық іс қозғады. Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың сәуір айында сотталушылар Гоголь көшесі бойындағы үйдің ауласында болып, балалардың ойын алаңынан кәмелеттік жасқа толмаған екі қызды байқаған. Сосын оларға жақындап, күш көрсетіп қорқытып, екі дана алтын сырғаларын ашық түрде күшпен ұрлау арқылы 68 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Сотталушылар сол күні бұлардан өзге А. есімді кәмелеттік жасқа толмаған қыздың Samsung Galaxy J2 маркалы ұялы телефонын да тартып алған. Жәбірленушіге 54,69 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Сот алдында сотталушылар істеріне өкінетіндігін білдірді. Сот Ш және К есімді азаматшаларды ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлім 1,2,3-тармақтары бойынша кінәлі деп таныды. Олардың бұған дейін істі болмағандығын, оң мінездемесін, істеген істерін мойындап, өкінетіндігін және жәбірленушілер шығынын өтегендігі мен сотталушылардың жүктілігін ескере отырып, олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Үкім заңдық күшіне әлі енген жоқ.