Екібастұзда жүк пойызынан 43 сыра орамасын ұрлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда жүк пойызынан 43 сыра орамасын ұрлап кетті

Екібастұзда жүк пойызынан 43 сыра орамасын ұрлап кетті

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында, сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізіліміндегі

  • 28 Тамыз 2015
  • 473
Фото - Caravan.kz

ҚР ҚК 188 бап 2 тармағы бойынша деректі тексеру барысында Павлодар стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған азаматты анықтап, ұстады. 

Ол вагон қараушы болып жұмыс жасайтын Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайдыКөліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

 Тексеру кезінде қолға түскен азаматтың 17 тамыз күні Екібастұз стансасындағы жүк паркінде жүрген кезінде «Майқұдық-Зыряновск» бағытында жөнелтілгелі тұрған жүк пойызы вагондарының бірінен 43 орам сыраны ұрлап кеткендігі анықталды.


Қазір аталған ер адамның бұған дейін де осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Көлік сақшылары ұрланған заттың барлығын  қайтарып алды. Тергеу жалғасуда.

Көліктегі ІІД Криминалдық полиция басқармасының мәліметі бойынша, осы кезеңге дейін жылжымалы құрамнан жүк ұрлау бойынша 123 факті тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар