Өз ісін енді бастағалы отырған кәсіпкерлер ауылдарда алты наубайхана, үш шаштараз, жылыжай, монша, жиһаз жасайтын цех, шиномонтаж шеберханасын және т.б. қызмет көрсету нысандарын ашуды жоспарлап отыр. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 76 миллион теңге несие керек.
Бағдарлама аясында қалада сондай-ақ 550 жұмыссыз бен тұрмысы төмен екібастұздық кәсіби дайындықтан өтеді және біліктіліктерін жетілдіреді. Тағы 150 адам қала кәсіпорындарына әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызылады.