Екібастұзда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Екібастұзда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда

1 шілдеде басталған «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Екібастұзда өз беттерінше жұмыспен айналысып жүргендерден, жұмыссыздардан және тұрмысы төмен ауыл тұрғындарынан 35 бизнес-жоба түсті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 27 Шiлде 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

Өз ісін енді бастағалы отырған кәсіпкерлер ауылдарда алты наубайхана, үш шаштараз, жылыжай, монша, жиһаз жасайтын цех, шиномонтаж шеберханасын және т.б. қызмет көрсету нысандарын ашуды жоспарлап отыр. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 76 миллион теңге несие керек.

Бағдарлама аясында қалада сондай-ақ 550 жұмыссыз бен тұрмысы төмен екібастұздық кәсіби дайындықтан өтеді және біліктіліктерін жетілдіреді. Тағы 150 адам қала кәсіпорындарына әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызылады.

Соңғы жаңалықтар