Екібастұздағы апат салдарынан тоқтап қалған ГРЭС-1 станциясының үш блогының екеуі жұмыс істей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздағы апат салдарынан тоқтап қалған ГРЭС-1 станциясының үш блогының екеуі жұмыс істей бастады

Екібастұздағы апат салдарынан тоқтап қалған ГРЭС-1 станциясының үш блогының екеуі жұмыс істей бастады

"AES Екібастұз" ЖШС-не қарасты Екібастұз ГРЭС-1 станциясында апат салдарынан тоқтап қалған үш энергоблоктың екеуі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "AES Екібастұз" ЖШС-нің өкілдері хабарлады.

  • 18 Қараша 2003
  • 833
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, станцияның үшінші энергоблогында қарашаның 14-інен 15-іне қараған түнде жарылыс болу салдарынан алтыншы және жетінші блоктар жұмысын тоқтатқан болатын. Апат салдарынан станция жұмысы мүлдем тоқтап қалу қаупі төніп, республикалық және таяу шетелдердегі тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету міндеттемесін орындай алмау мүмкіндігі туындады. Апат болған сәттен бастап бұл станцияның жұмыс жүктемесін Ақсу жылу электр станциясы тәрізді отандық бірнеше ГРЭС атқара бастады. Сондай-ақ, жеткіліксіз электр энергиясы айырбас бойынша РФ-ның Алтай аймағы мен Қырғызстаннан сатып алынуда.

17-қараша күні таңертең алтыншы энергоблоктың, ал кешке қарай жетінші энергоблоктың жұмысы қалпына келтірілді. Қазір станция 740 МВт-тық қуатпен жұмыс істеп тұр. Ал апатқа дейін 1420 МВт-ты құраған станцияның жұмыс жүктемесінің біраз бөлігін отандық ГРЭС-тер жауаптанып алды.
Станцияда қазір ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Бірлік Оразбаев басқарған арнайы үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия апаттың себеп-салдарын анықтауы тиіс.
Екібастұз қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мәліметтері бойынша, қазір жарылыс болған үшінші энергоблокта үйіндіні тазарту жұмыстары жүзеге асырылуда. Ал төртінші энергоблоктағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Апатқа дейін станция өндірген электр қуатының біраз бөлігі жақын шетелдерге шығарылып келген. Атап айтсақ, «AES Екібастұз» ЖШС 2003-жылы «Интер РАО ЕЭС России» ЖАҚ-на ай сайын 2100 кВт/сағ электр қуатын сату туралы келісімге келген болатын.
«AES Екібастұз» ЖШС ГРЭС-1 станциясының негізінде 1996-жылы құрылды. Станция құрамында 7 энергоблок бар.

Соңғы жаңалықтар