Екібастұздағы көмір өндіруші кәсіпорындардың дамуы еліміздегі экономикалық реформалардың дұрыстығын дәлелдейді - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздағы көмір өндіруші кәсіпорындардың дамуы еліміздегі экономикалық реформалардың дұрыстығын дәлелдейді - ҚР Елбасы

Екібастұздағы көмір өндіруші кәсіпорындардың дамуы еліміздегі экономикалық реформалардың дұрыстығын дәлелдейді - ҚР Елбасы

"Екібастұздағы көмір өндіруші кәсіпорындардың дамуы еліміздегі экономикалық реформалардың дұрыстығын дәлелдейді". Бұл туралы бүгін, 17-қазанда Екібастұздағы "Восточный" разрезіндегі "Еуразиялық эгергетикалық корпорациясы" ААҚ-ын аралаған кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

  • 17 Қазан 2003
  • 873
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысына жасаған екі күндік жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы осындағы кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралап, кәсіпорындардың жұмысшыларымен және облыс тұрғындарымен жүздесті.

Н.Назарбаев Павлодар облысы қазіргі таңда еліміздің ең ірі өнеркәсіпті аймағы екенін атап көрсетті. Қазақстан Елордасының кезінде Павлодар және Қарағанды облыстары сынды өндірісті аймақтарға жақын келіп орын тебуі кездейсоқтық емес деді Елбасы. Н.Назарбаев Павлодар облысы үшін ауыр кезеңнің артта қалғанын, атап айтсақ, Екібастұзды және ондағы көмірлі кеніштерді дамытуға қатысты тауқыметке тап келген қиын кезеңдердің болғанын атап өтті. Аймаққа тартылған инвесторлар бүгінге дейін «Восточный, «Богатырь» және «Северный» разрездерін дамыту мақсатына 700 млн. доллар көлемінде инвестиция құйды. Болашақта олар технологияны жетілдіру және көмір өндіру көлемін арттыру үшін тағы да 600 млн. доллар жұмсауды көздеп отыр.
«Восточный» разрезінде мемлекет басшысы разрез қызметкерлерімен жүздесті. Н.Назарбаев олармен емен-жарқын әңгіме барысында жалпы елімізге, және кәсіпорындарға инвестиция тарту үшін баянды тұрақтылық болуы тиіс деп атап көрсетті. Президент №1 учаскенің машинисі Тілеубай Бәкіровтың кітабына қол қойып естелік қалдырды.
«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «Восточный» разрезінде қазба кешенін электрмен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Аталмыш жобаны жүзеге асыруға 396,2 млн. теңге жұмсалмақшы. «2000-жылы қолға алынған бұл жұмыстар 5 жылға есептелген. Соның нәтижесінде кешендегі темір жол көлігін электр сүйретпеге жегу көзделіп отыр. Бұл қымбат дизельдік отыннан бас тартып, өндіріс шығынын азайтуға, соның нәтижесінде өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, разрезге арнап қазба кешеннің қуатын арттыруға бағытталған тау-кендік көлік жабдықтары сатып алынуда. Алдын-ала болжам бойынша, 2003-жылдың соңына дейін разрездегі қазба жұмыстарының көлемі 19 млн. текше метрді құрауы тиіс.
Алдағы жылы «Восточный» разрезінде жер астындағы дренаждық су төгу жабдығын жер бетіне көшіруге бағытталан тағы бір ірі жоба жүзеге асырылады. Жобаның сметалық құны 399,9 млн. теңгені құрайды.
2003-жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Восточный» разрезінде 12 266 439 тонна көмір өндірілді.
«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» ААҚ-ның құрамына «Восточный» разрезімен бірге Ақсу жылу электр станциясы мен Павлодар жөндеу кәсіпорны қамтылады. «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» ААҚ 1996-жылы құрылған.

Соңғы жаңалықтар