Екібастұздағы мердігерлік ұйымның директоры 106 млн. теңгені жымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздағы мердігерлік ұйымның директоры 106 млн. теңгені жымқырған

Екібастұздағы мердігерлік ұйымның директоры 106 млн. теңгені жымқырған

Екібастұздың қаржы полиция басқармасы мердігерлік ұйымның директорына қатысты қылмыстық істі тексеруде,

  • 12 Қараша 2012
  • 329
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Павлодар облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Ол 2008-2010 жылдар аралығында мемлекеттік «Ауыз су бағдарламасы» — «Павлодар облысының Шідерті кентінде су жабдықтау және су бөлістіру жүйлерін қайта қалпына келтіру» бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде жалған құжаттар жасай отырып, 106 млн.-нан астам теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды».

Сот мердігерге қатысты бұлтартпау шарасын қолданып, үйқамаққа алды.

Бұл фактілер бойынша қаржы полицейлері Екібастұз әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тексеруде. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, ЖШС-нің келісімдік міндеттерді толық көлемде орындамағанын біле тұра, жұмысты қабылдау жөнінде актіге қол қойған. Сол арқылы мердігерге негізсіз шамамен 704 млн. теңге қаражат аударған.