Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында №8 энергоблокты қалпына келтіру жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында №8 энергоблокты қалпына келтіру жалғасуда

Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында №8 энергоблокты қалпына келтіру жалғасуда

ГРЭС-1 станcасында №8 энергоблокта жүріп жатқан барлық қалпына келтіру жұмыстарының 40 пайызы орындалды. Қалпына келтіру жұмыстары 2009 жылы басталған, 2012 жылы энергоблокты іске қосып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

  • 14 Шiлде 2011
  • 384
Фото - Caravan.kz

Жобаның құны 23 миллиардтан астам теңгені құрайды. Ендігі кезекті алтыншы блокты іске қосу стансаға өндірістік қуаттылығын 3000 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Қазақмыс тобының баспасөз қызметі.

Бүгінгі уақытта турбогенератордың ішкі және сыртқы қысым цилиндрлеріне бақылаушы жинау жұмысы жүргізілді. №8 энергоблоктың өзінің жөндеуі жалғастырылуда, және де электр сүзгісінің демонтажы да аяқталды. Осы жылдың шілде айында әлемдегі жетекші газдан тазарту жабдықтарын жеткізуші — «Альстом Пауэр Ставан» ЖАҚ жасап шығарған электр сүзгілеріне арналған электр жабдықтарын жеткізулер басталып кетті. Жалпы, қалпына келтіру бағдарламасы қазандық, турбина жабдықтарын айырбастауды, электр жабдықтарын және автоматы түрде бақылаушы заманауи құрылғыларды, сонымен қатар, электр статикалық сүзгіні орнатуды қамтиды.

Қазіргі күні сомасы 15 млрд теңге болатын жобаның жалпы құнының 64 пайызы игерілді. Қалпына келтіру жұмыстарына 10 мердігер ұйымның өкілдері қатыстырылуда, яғни жыл сайын 500-ге жуық уақытша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. №8 энергоблоктың іске қосылатын кезіне қарай стансада 25 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Электр энергиясына деген Қазақстандағы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін, энергоблоктың іске қосылуы 2013 жылдың өзінде кәсіпорынға 18 млрд кВтсағатқа дейін қуат өндіріп шығарып, қанағаттандыруға мүмкіншілік береді.

Соңғы жаңалықтар