Екібастұздық ГРЭС-2-де жаңа энергоблоктың құрылысын жүргізетін бас мердігер белгілі болды
«Екібастұздық ГРЭС-2» АҚ-да жабдықты жеткізу мен үшінші энергоблокты монтаждау жұмыстары жаңа жылда басталады, |
деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
Қуаттылығы 630 МВт-тық агрегаттың құрылысын «Кварц KZ» ЖШС басшылықпен бірге жүзеге асырады. Өткен жылдың соңында станса олармен бас мердігерлік жұмыстардың іске асырылуына келісім жасасты.
Консорциумның құрамына «Энергожабдық «Амур Сириус» және «Астана - арнайымонтаж» кіреді.
Жаңа блоктың құрылысын 2015 жылға қарай аяқтау жоспарлануда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін