Екібастұздық шенеунік бюджеттің 704 млн. теңгесін негізсіз аударып, тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздық шенеунік бюджеттің 704 млн. теңгесін негізсіз аударып, тұтқындалды

Екібастұздық шенеунік бюджеттің 704 млн. теңгесін негізсіз аударып, тұтқындалды

Қаржы полициясы қызметкерлері Екібастұз әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарланды Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 25 Қазан 2012
  • 296
Фото - Caravan.kz

Шенеунік мердігердің келісімшарттық міндеттерді толығымен орындамағанын анық білген. Алайда қызметтік бабын асыра пайдаланып, мемлекеттік «Ауыз су» бағдарламасы аясында орындалып жатқан Шідерті кентіндегі сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қабылдау жөніндегі актіге қол қойған. Бюджеттің 704 млн. теңге сомасындағы қаражаты мердігерге негізсіз аударылды.

Лауазымды тұлғаға қатысты Екібастұздың соты бұлтартпау шарасын қолданып, қамауға алды.

Соңғы жаңалықтар