Шенеунік мердігердің келісімшарттық міндеттерді толығымен орындамағанын анық білген. Алайда қызметтік бабын асыра пайдаланып, мемлекеттік «Ауыз су» бағдарламасы аясында орындалып жатқан Шідерті кентіндегі сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қабылдау жөніндегі актіге қол қойған. Бюджеттің 704 млн. теңге сомасындағы қаражаты мердігерге негізсіз аударылды.
Лауазымды тұлғаға қатысты Екібастұздың соты бұлтартпау шарасын қолданып, қамауға алды.