Екібастұз-Павлодар бағытындағы темір жол учаскесін электр желісіне қосу жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз-Павлодар бағытындағы темір жол учаскесін электр желісіне қосу жұмыстары басталды

Екібастұз-Павлодар бағытындағы темір жол учаскесін электр желісіне қосу жұмыстары басталды

Бүгін, 23-шілдеде 309 шақырымдық Екібастұз-Павлодар бағытындағы темір жол учаскесін электр желісіне қосу жұмыстары басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Шiлде 2003
  • 620
Фото - Caravan.kz

Бүгін Екібастұзда құрылыс жұмыстары ресми түрде басталды. Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісовтың қатысуымен темір жол учаскесінде электр желісінің бірінші бағаны орнатылды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінде атап көрсетуінше, темір жол учаскесін электр желісіне қосу нәтижесінде тасымалдың өзіндік құны 25-30 процентке азайып, ауаға тасталатын зиянды заттардың мөлшері жылына 5,1-5,3 мың тоннаға дейін кемиді.
Темір жолдың бұл учаскесі арзан электр энергиясымен қамтамасыз етілетін аймақта орналасқандығы ескеріліп, оны электр желісіне қосу жобасы сонау 1988-жылы әзірленген. Алайда ол кезде тікелей жұмыс құжаттарының жобасы жасалмаған көрінеді. 2002-жылы «Қазақстан темір жолы ҰК» ЖАҚ жол учаскесін электр желісіне қосу жөніндегі жобаның техника-экономикалық негіздемесімен танысып, құрылыстың экономикалық тиімділігі туралы қорытынды жасап, жобалау жұмыстарын өткізуге арнап 30 млн. теңге бөлді.
Сөйтіп, «Казгипрожелдортранс» ААҚ мамандары жобаны дайындап бітірді. Бұл жоба Қазақстан үкіметінің 2003-2005-жылдарда басымдық берген инвестициялық бағдарламалар қатарына қосылды.
Жол бөлігін электр желісіне қосу жұмыстарын тендер жеңімпазы «Құлагер» корпорациясы, мен «Ертіскөлікқұрылыс» Қауымдастығы және «Ай-су» корпорациясы тәрізді субмердігерлер жүзеге асырады.
Жолды электр желісіне қосу құны 7,9 млрд. теңгені құрап, бұл қаржы 4-5 жылда өтеледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар