Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Құдалық, сырға салу мен ұзату қатар өткен.
"Қазақтың әдемі дәстүрі көп қой. Тиісінше туған-туыс, жақындармен жиі бас қосамыз
Кейде бірақ, артық қыламыз деп, ысырап қылып, шашылып та кетеміз…
Бүгін әріптесіміз, сіңліміз Салтанаттың қуанышына ортақтасамыз деп, ерекше сүйсініп, риза болып қайттым. Әдемі үш дәстүрімізді бір күнге біріктіріп, бізді де сыйлап шақырды. Әдетте құдалық пен сырға салуға тек туғандар жиналады ғой. Ал бүгін сырғалымның сырғалым атанған сәтіне баршамыз куә болдық
Келін түсіріп, қыз ұзату бәрімізге жұғысты болсын", — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Желі оқырмандары "Жасандылық жоқ қарапайым қазақтың қызы", "Өте дұрыс ысырапқа жол берілмесе, қазіргі кезде тәтті шай деген бар құдалықпен бірдей өтеді оның барлығы ысырап. Жастар бақытты болсын", "Шығыстың,найман жігітін құрықтапты", "Екінші аттаған босағасы баянды болсын", — деп пікір білдірді желі оқырмандары.