Екінші деңгейлі банктер тұрақтандыру бағдарламасының жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешуге арнаған қаржысын ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10,5% - 12,5 %-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екінші деңгейлі банктер тұрақтандыру бағдарламасының жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешуге арнаған қаржысын ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10,5% - 12,5 %-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады

Екінші деңгейлі банктер тұрақтандыру бағдарламасының жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешуге арнаған қаржысын ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10,5% - 12,5 %-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Екінші деңгейлі банктер тұрақтандыру бағдарламасының жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешуге арнаған қаржысын ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10,5% - 12,5 %-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады. Бұл туралы Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қараша 2008
  • 694
Фото - Caravan.kz

Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін «Самұрық-Қазына» қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есебінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрд. теңге) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.

Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.

Жылжымайтын мүлік рыногындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері мынадай: 1) «Самұрық-Қазына» қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10,5 %-12,5 %-бен 15 жыл мерзімге дейін беретін болады.

2) Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10,5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылысы аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы-құрылыс компаниялармен ахуалды түзетуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады.

3) екінші деңгейдегі банктер бұған дейінгі кезеңдерде алаңы 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарызға қызмет көрсету бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған, қарыз алушының, ипотекалық қарыз алуды қамтамасыз ететін тұрғын үйді қоспағанда, басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда кредит желісінің бір бөлігін қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10,5% — 12,5 %-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады.

4) Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың атынан Астана және Алматы қалаларының рыногынан әділ бағамен жаңа тұрғын үйлер сатып алатын болады.

Үкімет, сондай-ақ тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бұл үшін қолданыстағы тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.

Әкімдіктерге жеке құрылыс салушылардан пәтерлерді құрылысы аяқталған және дайындығы жоғары дәрежедегі нысандардан белгіленген баға бойынша сатып алу құқығы берілетін болады. Бұл тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында арендалық тұрғын үй құрылысына 15 млрд. теңге жіберілетін болады. Бұл қосымша 265 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған барлық объектілер тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі арқылы сатылатын болады. Бұл халықтың басым санаттарына жылдық 4 %-дан аспайтын пайыздық ставка бойынша алдын ала тұрғын үй қарыздарын ұсынуға және тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы салымның жинақталуына байланысты қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Үлескерлердің құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында Үкімет үлестік құрылыс мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар