Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың кепілді салымдарының деңгейін 5 миллион теңгеге дейін арттыру Қазақстан халқының банктегі қаражатының 99% сақталатындығын кепілдендіруге мүмкіндік береді - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың кепілді салымдарының деңгейін 5 миллион теңгеге дейін арттыру Қазақстан халқының банктегі қаражатының 99% сақталатындығын кепілдендіруге мүмкіндік береді - Назарбаев

Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың кепілді салымдарының деңгейін 5 миллион теңгеге дейін арттыру Қазақстан халқының банктегі қаражатының 99% сақталатындығын кепілдендіруге мүмкіндік береді - Назарбаев

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың кепілді салымдарының деңгейін 5 миллион теңгеге дейін арттыру Қазақстан халқының банктегі қаражатының 99% сақталатындығын кепілдендіруге мүмкіндік береді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қазан 2008
  • 611
Фото - Caravan.kz

«Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың кепілді салымдарының деңгейін 5 миллион теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылданды «, — деді Н. Назарбаев.

«Бұл шара азаматтардың банктегі қаражатының 99% сақталатындығын кепілдендіруге мүмкіндік береді «, — деді ол.

«Яғни, банкте 5 млн теңгеге дейін салымы бар азамат оның сақталатындығына кәміл сенімді болуға тиіс, оған мемлекет кепілдік бергендіктен, осы тұрғыда ешбір күмәні болмауға тиіс», — деді президент.

Осыған байланысты Ұлттық банк өте қысқа мерзімде Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қорының капиталын ұлғайту есебінен осы шешімді жүзеге асыруға тиіс.

Сонымен бірге мемлекет басшысының пайымдауынша, еліміздегі қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылдануы «негізсіз ұзаққа созылып кеткен» «Қаржылық тұрақтылық туралы» заң жобасые тездетіп қабылдау қажет.

«Сонымен бірге халықтың банк секторына деген сенімін қайта жаңғыртуға шаралар қолдану қажет. Үкімет, барлық деңгейдегі әкімдер мен «Нұр Отан» партиясы қабылданған шешімдердің мән-маңызын түсіндіріп, кең көлемді ақпараттық науқанды қазірден бастауы абзал», — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар