Екінші деңгейлі банктерді тексеру нәтижесінде бюджетке 10,5 млрд. теңге аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екінші деңгейлі банктерді тексеру нәтижесінде бюджетке 10,5 млрд. теңге аударылды

Екінші деңгейлі банктерді тексеру нәтижесінде бюджетке 10,5 млрд. теңге аударылды

Екінші деңгейлі банктерді тексеру нәтижесінде 2004-жылы бюджетке 10,5 млрд. теңге аударылды. Бұл туралы бүгін, 24-мамырда ҚР қаржы министрінің орынбасары Азамат Ойнаров парламент мәжілісінің 2004-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі үкіметтің есебіне қатысты жұмыс тобының отырысы барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Мамыр 2005
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Екінші деңгейлі 35 банк тексерілді. Заң бұзу деректерінің әшкереленуіне байланысты салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша айыппұлмен қоса бюджетке 10,5 млрд. теңге өндіріп алынды»,- деді А.Ойнаров.

Министр орынбасарының айтуынша, салық есебінің түрлері бойынша қадағалау шараларының нәтижесінде 1,5 мың салық тексеруі аяқталып, нәтижесінде 3,6 млрд. теңгенің салық және айыппұлдары өндіріп алынды.
Тексерулердің қорытындысы бойынша, «қаржы полициясы органдарына 539 материал жолданып, соған сәйкес 62 қылмыстық іс қозғалды». «Қаржы полициясы органдарына заңды мекен-жайларынан табылмаған және Қосалқы Құн салығы бойынша 3,5 млрд. теңгенің есеп-фактурасын жаздырып алған 568 салық төлеушіні іздестіруге қолдау көрсету жөнінде өтініштер жолданды».
Жалпы алғанда А.Ойнаровтың айтуынша, 2004-жылғы салық тексерулері 23,6 млрд. теңгенің салық және басқа да міндетті төлемдерін, зейнетақы жинақтаушы қорларға міндетті түрде аударылуы тиіс төлемдер мен өсімпұлдарды өндіріп алуға мүмкіндік берді.

Перейти к новостям спорта