“Екінші күйеуім күндіз имам, түнде Иван екенін көрсетті” - Мөлдір Әуелбекова шындығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Екінші күйеуім күндіз имам, түнде Иван екенін көрсетті” - Мөлдір Әуелбекова шындығын айтты

“Екінші күйеуім күндіз имам, түнде Иван екенін көрсетті” - Мөлдір Әуелбекова шындығын айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасына жеке өміріне қатысты жазба жариялады.

  • 20 Маусым 2022
  • 6010
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Әнші оқырман қойған "Имам кісі сізге үйленуге ұсыныс жасаса қалай қабылдайсыз?", -деген сұрағына: 

"Менің бірінші жолдасым намазхан емес еді, ол адамда бәрі керісінше болды. Ал, екінші жолдасым намазхан, тіпті умраға 7-8 рет баруынан бөлек үлкен қажылығын өтеген қажы еді. Бірақ күндіз имам, түнде Иван екенін көрсетті. Сол себепті имам болу немесе намазхан болу мен үшін енді көрсеткіш емес”, -деп жазды.

Еске салсақ, әнші Мөлдір Әуелбекова бірнеше мәрте тұрмыс құрып, ажырасқан. 

Еске салсақ, жақында екінші некесімен дәм-тұзы жараспай әнші жеке кеткен болатын. Қазіргі таңда әнші бірнеше кәсібін дөңгелетуге кірісіп кетті.