Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті YK-news.kz басылымының мәліметінше, Қ.Нұрғалиев атындағы колледж 10 желтоқсаннан бері екпе алмаған студенттерді сабаққа жібермей отыр. Олар қашықтықтан оқуы керек немесе ПТР тестін көрсетулері тиіс.
Білім ошағының басшылығы бұл бұйрықтың заңға сәйкес орындалғаны туралы айтып, басылымға жауап берген.
"10 желтоқсан күні колледждің "COVID-19 коронавирустық инфекциялық пандемия жағдайында студенттердің денсаулығын сақтау шаралары туралы" бұйрығы күшіне енді. Оны қабылдауға заңның "Білім туралы" білім беру мекемесінің басшылығына "…аурулардың алдын алу, …оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруды" міндеттейтін 48 бабы негіз болып табылады", — деді колледж директоры Марат Нұрғалиев.