Ел астанасы Аммандағы жарылыстарға байланысты Иордания королі Қазақстанға ресми сапарын аяқтап еліне оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел астанасы Аммандағы жарылыстарға байланысты Иордания королі Қазақстанға ресми сапарын аяқтап еліне оралды

Ел астанасы Аммандағы жарылыстарға байланысты Иордания королі Қазақстанға ресми сапарын аяқтап еліне оралды

Бүгін, 10-қарашада Иордания королі Абдалла II бен Хусейн бен Талал бен Абдалла Аммандағы жарылыстарға байланысты Қазақстанға ресми сапарын мерзімінен бұрын аяқтап, еліне оралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қараша 2005
  • 351
Фото - Caravan.kz



Иордания королі Аммандағы лаңкестік оқиғалар туралы хабар алуға байланысты сапарын аяқтауға мәжбүр болды,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Шетелдік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, өткен түнде Амандағы Grand Hyatt, Radisson SAS және Days Inn. атты халықаралық мейманханаларда бірнеше жарылыстар болған. Алдын-ала мәліметтер бойынша жарылыстардан 67 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Иордания королі Абдалла II бен Хусейн бен Талал бен Абдалланың елімізге жасаған тұңғыш ресми сапары 11-қарашада аяқталуға тиіс болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта