Жарияланды: 520

Ел аумағындағы су қоймаларында суға кеткен 4 адамның денесі табылды

Республиканың су қоймаларында суға кеткен 4 адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сәрсенбі, 13 шілде күні Алматы облысында, 12 шілдеде Қарасай ауданындағы су қоймасында шомылып жүріп суға кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды. Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында 13 шілде күні бір күн бұрын суға кеткен 19 жастағы жігіттің денесі шығарылды. Сәрсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында, 12 шілде күні Бұқтырма су қоймасына шомылып жүріп суға кеткен 23 жастағы жас адамның денесі судан шығарылды. Оңтүстік Қазақстан облысында Мақтаарал ауданы Киров су арнасына 12 шілде күні суға түсіп жүріп, ағып кеткен 17 жасар жасөспірімнің денесі табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін