Ел аумағындағы су қоймаларында суға кеткен 4 адамның денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел аумағындағы су қоймаларында суға кеткен 4 адамның денесі табылды

Ел аумағындағы су қоймаларында суға кеткен 4 адамның денесі табылды

Республиканың су қоймаларында суға кеткен 4 адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

  • 14 Шiлде 2011
  • 502
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі, 13 шілде күні Алматы облысында, 12 шілдеде Қарасай ауданындағы су қоймасында шомылып жүріп суға кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды.

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында 13 шілде күні бір күн бұрын суға кеткен 19 жастағы жігіттің денесі шығарылды.

Сәрсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында, 12 шілде күні Бұқтырма су қоймасына шомылып жүріп суға кеткен 23 жастағы жас адамның денесі судан шығарылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында Мақтаарал ауданы Киров су арнасына 12 шілде күні суға түсіп жүріп, ағып кеткен 17 жасар жасөспірімнің денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар