Жарияланды: 360

Ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады - 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ҚР аумағының көп бөлігі атмосфералық фронтальдық бөліктердің ықпалында болады, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшейеді.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметі. Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі, Қостанай облысының жекелеген аудандарында тұман түсуі ықтимал. Атырау облысында тұман түседі, күндіз кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с жылдымдықпен соғуы мүмкін. Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с дейін болатын екпінді жел соғады. Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кейбір жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, бұрқасынның болуы күтіледі. Алматы облысындағы Алакөл көлдерінің ауданында жел 18-23 м/с дейін күшейеді, түнде кейбір жерлерде тұман түседі. Жақын тәуліктерде Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық және шығыс облыстарының су нысандарында мұз пайда болу процесі жалғасып, осыған байланысты республика шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. Республиканың қалған бөлігіндегі көптеген өзендерде су бетінің бірте-бірте салқындауы байқалады. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген таулы өзендерінде күтіліп отырған жауын-шашындарға байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін