Ел біріншілігінде «Жайық-Конденсат» командасы екінші орында келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел біріншілігінде «Жайық-Конденсат» командасы екінші орында келеді

Ел біріншілігінде «Жайық-Конденсат» командасы екінші орында келеді

Волейболдан ерлердің жоғары лига командалары арасындағы ХІХ ел біріншілігінде Оралдың «Жайық-Конденсат» командасы төрт турдан кейін 58 ұпаймен екінші орында келеді.

  • 28 Наурыз 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

Шымкент қаласында 18-25 наурыз аралығында өткен төртінші турда Александр Перегуда жаттықтыратын Ақ Жайық волейболшылары алаң иелері «ОҚМУ-Қазығұрт», сондай-ақ «ЦСКА-Алматы», «Есіл-Виктория» (Петропавл), «Атырау-2» командаларын ұтқанымен, «Ұшқын-Искра» (Астана), «Ертіс» (Павлодар), «КазНАУдан» (Алматы) жеңіліп қалды.

Төрт турдан кейін «ОҚМУ-Қазығұрт» командасы 71 ұпаймен жекедара көш бастап келеді. Астананың «Ұшқыны» 57 ұпаймен үшінші орында.

Қорытынды, бесінші турдың ойындары 13-20 сәуір аралығында Оралда өтеді.