Ел бюджетінен "мониторинг жүйесіне" 1,7 млрд теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел бюджетінен "мониторинг жүйесіне" 1,7 млрд теңге бөлінеді

Ел бюджетінен "мониторинг жүйесіне" 1,7 млрд теңге бөлінеді

Қазақстан билігі жыл соңына дейін БАҚ пен интернетке мониторинг жүргізетін жүйе енгізбек.

  • 12 Қаңтар 2018
  • 189
Фото - Caravan.kz

"Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі жүйесін" жасауға мемлекеттік бюджеттен 1,7 миллиард теңге (шамамен бес миллион доллар) бөлінбек. Бұл туралы Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігі хабарлады. Жүйені жасайтын компания конкурс арқылы анықталады.

"Мұндай жүйе бізге қажет. Бұл — мониторинг, бақылау жүргізу туралы сөз жоқ. Мысалы осы жүйе арқылы қазақ тілінде қанша жазба шыққанын біліп отырамыз" деді Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, мониторинг жүйесіне Қазақстандағы газет-журнал, сайт, телеарналар кіреді.


2017 жылдың соңында Абаев интернеттегі шыққан мақала, жазбаларға мониторинг жүргізетін жүйе жасалатынын айтқан. Оның айтуынша, бұл жүйе желідегі барлық жазбаларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар