Ел шежіресінің жаңа кезеңі кітап бетіне көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел шежіресінің жаңа кезеңі кітап бетіне көшірілді

Ел шежіресінің жаңа кезеңі кітап бетіне көшірілді

Ел шежіресінің жаңа кезеңі кітап бетіне көшірілді. Қазақстанның Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына төрағалық етуі туралы жинақ жарыққа шығып, көпшілік назарына ұсынылып отыр.

  • 2 Шiлде 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz

Іргелі еңбекте Елбасының халықаралық ұйымның жұмысына байланысты айтқан пікірлері, отандық және шетелдік басылымдарға берген сұхбаттары қамтылған. Сонымен қатар әлемнің әйгілі саясаткерлері Қазақстанның төраға ретінде атқарған жұмысына баға береді. 11 жылдан бері тұңғыш рет ұйымдастырылған саммит туралы ақпарат баршылық. Бұл оқиғаны ұлы мереке деп тапқан құрастырушылар жинақты «Салтанат» деп атады. Таралымы – 1 мың дана. Авторлар алдағы уақытта шығармашылық ізденістерін жалғастырмақ. 


Сауытбек Абдрахманов
, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы:

— Дәл қазір ашып айтпай-ақ қояйық. Бірақ, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай еліміздің Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне байланысты жинақтар жарық көруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар