Ел спортшыларын қолдау үшін қазақ отбасы көлікпен Парижге барған - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел спортшыларын қолдау үшін қазақ отбасы көлікпен Парижге барған

Ел спортшыларын қолдау үшін қазақ отбасы көлікпен Парижге барған

Саяхатшы Ерік пен Гүлдананың үш баласы бар. Олар 5 жасар Ерхан, 9 жастағы Ясмин және 16 жастағы Ясин.

  • 30 Шiлде
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Париж Олимпиадасын өз көзімен көру үшін шетелге аттанған қазақстандық отбасы көпті сүйсінтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Олар Атыраудан Парижге көлікпен саяхаттап барған.

Атырау тұрғыны Францияда өтіп жатқан Олимпиадада ел спортшыларға қолдау көрсету үшін отбасымен бірге көлікпен Парижге саяхаттап барған. Отағасы Ерік Шыныбеков бұған дейін де көлікпен ұзақ сапарға шыққан екен.

Отбасы мүшелері бірауыздан Францияға бару туралы шешімді қабылдап, наурызда қажетті құжаттарды жинаған. Ал сәуірде визаға өтініш берген.

«Виза орталығында бізге өте мұқият қарады. Біз үшін де, орталық үшін де Шенгенге көлікпен саяхатты рәсімдеу алғашқы тәжірибе болды. Бізде ешқандай бронь болмағандықтан, саяхаттың егжей-тегжейлі жоспарын жасап, көп жұмыс істеуге тура келді. Екі аптадан кейін рұқсат алып, көлігімізді ұзақ сапарға дайындай бастадық. Өйткені жолда 15 елден өтетін едік», — деді Шыныбеков.

Саяхатшы Ерік пен Гүлдананың үш баласы бар. Олар 5 жасар Ерхан, 9 жастағы Ясмин және 16 жастағы Ясин.